RU
СҚО-да бетін тұмшалаған қарақшылар кәсіпкердің 170 млн теңгесін тонап кетті

СҚО-да бетін тұмшалаған қарақшылар кәсіпкердің 170 млн теңгесін тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында бизнесменді тонап кеткен қарақшылар іздестіріліп жатыр. Олар кәсіпкердің 170 миллион теңгесін қолды қылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға Ақжар ауданына қарасты Талшық ауылында болған. Бетін тұмшалаған төрт адам кешқұрым астықпен айналысатын компания ғимаратына кіріп келеді. Қолында аңшы мылтығына ұқсас қару болыпты.

Бірден кәсіпкерді кеңірдегінен алып, бар ақшасын беруді талап еткен. Сол жерде ол 170 миллион теңгені санап беріп, қорыққаннан қос ұялы телефонды да қолына ұстатыпты. Қазір қарақшыларды сол аймақтан іздестіруде.

Айта кетейік, күні кеше Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғаушылар 2005 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскерді ұстады.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер іздеуде жүрген ер адамды Ресей Федерациясы Кемерово қаласынан ұстады. Оған аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын", - делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 1996 жылдың жазында күдікті бірнеше адамдардан құралған топпен сөз байласып, кісі өлтірген. Қылмыс барысында олар екі адамға пышақтап кеткен.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel