RU
БАҚ Роналду мен сүйіктісі Джорджинаның жасырын үйленгенін хабарлады

БАҚ Роналду мен сүйіктісі Джорджинаның жасырын үйленгенін хабарлады

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз сүйіктісі Джорджина Родригеспен шаңырақ көтерді. Бұл жаңалық шетелдік БАҚ беттерінде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Novella 2000 журналына сілтеме жасаған Clarín басылымы салтанатты рәсімнің Мороккода өткенін және қоғамнан жасырын түрде ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдан бері кездеседі. 2017 жылы жастардың қызы дүниеге келді.

Бұл маусымда Роналду "Ювентус" клубының 14 матчына қатысты. 34 жастағы португалиялық футболшының қоржынында алты гол мен екі нәтижелі пас бар. Роналдудың италиялық клубпен келісім шарты 2020 жылдың жазына дейін құрылған.

Айта кетейік, футболдан Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында "Астана" өз алаңында Англияның "Манчестер Юнайтед" командасын қабылдайды. Осы орайда, Нұр-Сұлтандағы ауа райына байланысты ағылшын клубының ойыншыларына матч қарсаңында ұзақ уақытқа көшеге шықпау, яғни, далада 10 минуттан артық жүрмеу туралы нұсқау берілді.

"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу 28 қараша күні "Астана Арена" алаңында өтеді. Спорттық нысан бір уақытта 30 мың көрерменді қабылдай алады.

Матч болатын күні кешке Қазақстан астанасында ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel