RU
Өзбек актрисасы өзіне қол жүгірткен жүргізушінің көлігінен секіріп кетіп, қаза тапты

Өзбек актрисасы өзіне қол жүгірткен жүргізушінің көлігінен секіріп кетіп, қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Қашқадарья облысында актриса Гавхар Шарипова жол апатынан қаза тапты. Ол өзіне қол жүгірткен жүргізушіден қорғанып, көлік салонынан секіріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: ca-news.org

Көрнекі фото: ca-news.org

Қайғылы жағдай Қашқадарья облысы Гузар ауданы "Яргунчи" махалласы аумағындағы "Самарқанд-Гузар" А-380 автожолында 18 қараша күні түнгі 02:20 шамасында орын алған.

29 жастағы Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі 39 жастағы актрисаға тиісе бастаған екен. Ал Шарипова амалсыздан көлік салонынан секіріп кетуге мәжбүр болыпты.

Облыстық ЖҚҚБ ақпараты бойынша, жүк көлігі тас жолда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен келе жатады. Жүргізуші сол қолымен рөлді ұстап, оң қолымен жолаушы орнында отырған Гавхар Шарипованың арқасы мен қолын ұстай бастапты. Актриса есікті ашқанына қарамастан, ол жылдамдықты тоқтатпай, жолда жүру ережесінің 77- бабы 3- бөлігін бұзған.

Гавхар Шарипова көлік салонынан жолға секіріп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталымыш фактіге қатысты Гузар аудандық ІІБ тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 266- бабы 2- бөлігі (адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарының қозғалысы немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Алданған әйел", "Әпке" және тағы басқа фильмдерге түскен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel