Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік бас дәрігерге қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

БАҚ-та Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың ісіне қатысты тың деректер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абылай Донбай. Фото: otyrar.kz
Абылай Донбай. Фото: otyrar.kz: Facebook

19 қарашада Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды деген хабар тарады. Белгілі трансплантолог, бірінші санаттағы хирург Абылай Донбай трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде.

Сонымен қатар, ол ірі көлемдегі сыйақы үшін заңсыз бүйрек трансплантациясымен айналысқан деген болжам бар.

"Еуразия" бірінші арнасының сюжетінде айтылғандай, Қазақстан, Өзбекстан, Украина азаматтары аталған қылмыстық топқа өз дене мүшелерін сатқан. Сөйтіп, ағзалар Израильден келген қалталы науқастарға ауыстырылып салынған.

Телеарнаның ақпарынша, бұл істің тағы бір белгілі трансплантолог Ғани Құттымұратовтың дауына қатысы бар. Айта кетейік, ол адам ағзаларын заңсыз алу күдігіне ілініп, жарты жылдан бері қамауда.

Тергеу Қазақстан аумағында екі жыл бойы қылмыстық топ әрекет етіп келгенін анықтады. Бұл топты бүйректерді сатуға немесе сатып алуға ниет білдірушілерді іздеген шетелдіктер ұйымдастырған. Олар адамның бүйрегін 10-15 мың долларға сатып алып, он есе жоғары бағамен – 100-150 мың долларға ауыстырып салған.

Шымкенттік бас дәрігер аталған трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі болған деген күдік бар.

КТК телеарнасы мәлім еткендей, Абылай Донбай бар болғаны 8 ай бұрын медициналық мекеменің бас дәрігері қызметіне келген.

Ол өзінің сұхбаттарында өткен жылы тек өзі қызмет істейтін клиникада шетелдіктерге бүйрек алмастыру бойынша 17 операция жасалғанын айтып берген. Науқастардың ішінде Германия, Канада, Израиль және Румыния азаматтары болған. Сол кезде хирург олардың барлығының Қазақстанға өз донорларымен келгенін мәлімдеген еді.

Елімізде заңсыз бүйрек трансплантациясы жүргізілетіні туралы ақпарат Украинадан жеткен. Жергілікті полицейлер 20 украиналықтың өз дене мүшелерін сатқанын анықтаған. Ал операциялар Қазақстанда жасалған болып шықты.

Осылайша, "Астана" телеарнасы өз сюжетінде бұрынғы Украина ұлттық полициясы басшысының орынбасары Вячеслав Аброськиннің сөзін келтірді.

Оның айтуынша, жергілікті құқық қорғау органдарына Украина азаматы келіп, қатерлі ісікке шалдыққан жұбайы үшін өз бүйрегін сатқанын хабарлаған. Операция Қазақстанда жасалыпты.

Сондай-ақ тағы бір украиналық жағдайы болмағандықтан, дене мүшесін сатуға келіскенін айтқан.

"Бұл бейшара азаматтарымыз – жай ғана ағза жеткізушілер. Ал бұның артында адамдардың қайғысынан ақша табатын халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топ тұр", – дейді Вячеслав Аброськин.

Бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері 18 қараша күні ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828237-symkenttik-bas-drigerge-katysyty-zaa-derekter-sykty/

pixel