RU
30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі желідегілерді шошытты

30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі желідегілерді шошытты

Рассказать Вконтакте

Қаза болған науқастың өкпесін тексеріп жатқан қытайлық дәрігерлердің бейнеролигі желіде кеңінен таралып, көпшіліктің үрейін ұшырды. Видеода ота жасап жатқан Цзянсу провинциясының дәрігері Чен Дзингью бұл оқиғаның мән-жайымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

52 жастағы ер адам ауруханаға түсіп, біршама уақыттан кейін көз жұмған. Ол донор болып тіркелгендіктен, бірден операцияға жіберілген.

Алайда, науқастың өкпесін алып шығып, тексерген дәрігерлердің бұл донордан бас тартуларына тура келген. Себебі оның өкпесі алмастыруға келмейтіндей өте нашар күйде болған.

"Бізді дұрыс түсінбей қалмаңыздар. Бірақ қытайлықтардың көбісі темекі шегуге әуес болып келеді. Содықтан белгілі бір деңгейде зақымданған өкпелер трансплантация жасауға жарайды. Алайда, бұл өкпенің тым нашар күйде екені анықталды", – дейді Чен Дзингью.

Белгілі болғандай, қайтыс болған ер адам 30 жыл бойы темекі шеккен. Соның әсерінен ол эмфизема, буллёзды ауру мен өкпе кальцификациясына шалдыққан.

Дәрігердің айтуынша, бұл жерде мәселе ер адам ағзасының донорлыққа жарамауында емес. Темекіні көп шегетін кез келген амамның өкпесі осындай күйге түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
3
2
13
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel