RU
Путинмен бетпе-бет жүздесу: Зеленский Назарбаевтың ұсынысына алғаш рет пікір білдірді

Путинмен жүздесу: Зеленский Назарбаевтың ұсынысына алғаш рет пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуі жайлы айтып берді. Оның сөзін ТСН өзінің Facebook парақшасында келтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Владимир Зеленский. Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Зеленский Назарбаевпен өткен кездесуде Донбасста бейбітшілік орнату туралы сөз қозғалғанын атап өтті.

Ол Елбасының расымен де Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге ұсыныс жасағанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанның бұрынғы президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін қос мемлекет басшыларының бетпе-бет кездесуі қажет екенін мәлімдеген.

Зеленский өз кезегінде Донбасста бейбітшілік орнату және аумақтарды қайтару үшін кез келген диалогқа дайын екенін, алайда, "норман төрттігі" саммитіне басымдық беретінін атап өткен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елбасы Қазақстанда Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыру туралы бастама көтерген еді.

Назарбаевтың айтуынша, қазіргі Украина мен Ресей арасындағы жағдай мәз емес. Сондықтан, Елбасы екі жақын елді "табыстырғысы" келеді.

Ол бұл мәселені шешу үшін Путин мен Зеленскийге АҚШ-тың, Еуропалық одақтың және басқа жақтардың қатысуынсыз кездесу қажет деп есептейді. Ол үшін президенттер өз еріктерін білдірсе болғаны.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған ұсынысына Ресей президенті Владимир Путин да пікір білдірген болатын.

"Ол [Назарбаев - ред] Украина өз бақытын теңіздің ар жағынан іздемеу керек екенін үнемі құптап келді. Бақытты мұхиттың ар жағынан іздеудің қажеті жоқ. Өз көршілеріңмен келісу керек. Бұл да дұрыс тәсіл" , – деді Путин.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel