RU
Үндістандық қарт бірнеше жыл бойы көзіндегі тірі құртпен жүрген

Үндістандық қарт бірнеше жыл бойы көзіндегі тірі құртпен жүрген

Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер Үндістанның Гуджарат шататының тұрғыны Джасубай Пателдің көзінен ұзындығы он жеті сантиметр болатын құртты алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

70 жастағы Джасубай Пател бірнеше жыл бойы көзінің ауырып, қышитынын айтып дәрігерлерге шағымданған.

Ақ халаттылар оны қанша тексергенімен, нақты диагноз қоя алмаған. Тек қазан айының соңында офтальмолог Милан Панчал оның көзінің ішінде жәндік барын анықтаған.

Көз дәрігері құртты тірі күйінде шығарып алғанын айтады. Ол науқасқа шұғыл ота жасалуы қажет болғанын, әйтпесе, өмір бойына соқыр болып қалу қаупі туындағанын жеткізді.

"Құрттың қан айналымы арқылы науқастың миына кіріп кету қаупі болды. Операция 25 минутқа созылды. Жәндік қозғалып жүргендіктен, оны ұстау оңай болған жоқ", – дейді дәрігер.

Джасубай Пател 12 жыл бұрын оны ит тістегенін айтып берді. Медиктер құрттың сол оқиға салдарынан пайда болғанын болжауда.

"Бұл паразиттер иттер мен мысықтардың тілдерінде болады. Біз құртты микробиологиялық және гистопатологиялық зерттеуге жібердік, қазір нәтижесін күтіп отырмыз", – дейді көз дәрігері.

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамның миынан 15 жыл бойы өмір сүрген құрт шыққанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel