RU
16 жылдан бері көр қазатын шымкенттік азамат өз жұмысы жайлы шындықтың бетін ашты (фото)

16 жылдан бері көр қазатын шымкенттік азамат өз жұмысы жайлы шындықтың бетін ашты (фото)

Рассказать Вконтакте

16 жылдан бері көр қазумен айналысатын шымкенттік Изаттула Имамов өлілерге қызмет көрсету тірілермен жұмыс істегеннен әлдеқайда тыныш деп есептейді. Оның қызметіне көр қазудан бөлек, мәйіт жерленетін орынды белгілеу, мазаратты күтіп ұстау және сондағы тыныштықты сақтау да кіреді. Осы орайда, ер адам бұл жұмысқа қалай келгенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Изатулла Имамов. Фото: otyrar.kz

Изатулла Имамов. Фото: otyrar.kz

"Күніне 2-3 қабір қазамын" деп сөзін бастаған Изаттула Имамов келіп-кетушілердің өтінішімен құран оқитынын, бейіттегі мәрмәр тақтатастарды сүртіп, солған гүл, қураған шөптерді жаңалайтынын айтады.

Көрқау бос уақытында зиратты қоқыс қалдықтарынан тазартып, қорым айналасын көгалдандырады екен.

"Көп жерде жалданып жұмыс істедім. Алайда жұмыс берушілер еңбегімді қанады. Маңдай термен тапқан жалақымды бермей қоятын. Тіпті балағаттайтын. "Затымды ұрлады" деп жала жауып, арыз жазып жібергендері де болды. "Аузы күйген үрлеп ішеді" деген сөз бар емес пе?! Менің аузым сондай жандардан қатты күйді. "Мұндай жұмысы құрысын" дедім. Бірақ, үйде отыра алмадым. Себебі отбасын асырау керек. Сол қу жоқшылық менің осы кәсіппен айналысуыма сеп болды", - дейді ол.
Изатулла Имамов. Фото: otyrar.kz

Изатулла Имамов. Фото: otyrar.kz

Изаттула "тірі жандардан көрмеген жақсылықты, өлілерге қызмет етіп көріп отырғанын" да атап өтті.

Көрқаудың сөзінше, ел ішінде жерленетін жерді алдын ала алып қоятындар да бар. Мәселен, Шымкент-Ташкент бағытында орналасқан бір ғасырлық тарихы бар "Қасқа" мазаратының аумағы бүгінде толып қалыпты. Әйткенмен, жерді бүкіл "әулетіне" деп алдын ала алып қойғандар бар екен. Онда 2-3 жерден, 1 гектар жерге дейін қоршап алғандар да баршылық екен.

Мазараттағы күйбелең жұмыс мүлде тоқтамайды. Күнделікті келіп-кетушілер бар. Сондықтан да, Изатулла Имамовтың қызметі әлі де керек. Сол үшін мемлекеттен көк тиын алмайды. Ол осында келгендерге қолғабыс етумен күнелтеді екен. Табысы да бұйыртқаны.

Изаттула Имамов қабір қазған ақысына қанша алатынын ашып айтпағанымен де отбасын асырауға жетеді дейді.

Қаладағы 12 мазаратта да қабір қазатын Изатулла кейбір кісілер ақшадан бөлек, ет, шай, қант, ұн әкеліп беретінін де айтты.

Сіздің реакцияңыз
10
3
1
8
8
36
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel