RU

Банктен 87 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінген қазақстандық азамат Ресейде қолға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

87 миллион теңге ұрлады деп күдікке ілінген Жітіқара банкінің қызметкері Ресейде қолға түсті. Бұл туралы брифингте Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

Полиция оның келбетін өзгертуі мүмкін екенін жеткізді.

Күдікті ұрланған ақшаның көмегімен өзінің барлық қарыздары мен туыстарының несиелерін жауып тастағаны белгілі болды.

Бүгін брифингте полиция департаментінің басшысы генерал-майор Бекет Аймағамбетов бұл істі Ресейлік әріптестерімен бірге бақылауға алғанын мәлімдеді.

"Біз 12 қарашада такси арқылы 29 жастағы күдіктінің Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өтіп, Челябинскте жасырғанын анықтадық. Кейіннен күдікті осы қалада пәтер жалдап, ұрланған қаражаттың бір бөлігін (шамамен 30 миллион теңге) сегіз несиені жабуға жібергені белгілі болды. Ол интернет арқылы қарыздарын жапқан", - деді Бекет Аймағамбетов.

Ресейлік әріптестерімен бірлескен жұмыс көпке созылмаған, бір аптадан кейін, 20 қарашада күдікті қолға түсіп, Челябинск қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Одан 136 мың еуро тәркіленді, бұл жобамен 58 миллион теңгені құрайды.

"Жауап алу барысында күдіктінің Челябинскіге бара жатқанда барлық телефондарын лақтырып жібергенін анықтадық. Ол Челябинскіде өмірін нөлден бастағысы келген. Күдікті тіпті келбетін пластикалық ота жасау арқылы өзгертуді жоспарлаған. Бірақ бақытымызға орай, біз оны уақытында ұстадық" - деді генерал-майор Бекет Аймағамбетов.

Жас жігіт қашпай тұрып анасына қоштасу хатын жазып қалдырғаны анықталды.

"Мен үшін уайымдамаңыз. Мен адамдарға қарыздармын, оларды төлеуім керек", - деген ол хатында.

Генерал майор "жігіт құмар ойынға әуес болған" деп болжайтынын айтты

Қазіргі уақытта ер адам Челябинсктегі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Жергілікті билік оны Қазақстанға қайтару туралы шешім шығаруда.

Еске сала кетсек, Жітіқара қаласындағы екінші деңгейдегі банк қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кетті деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Банктен 87 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінген қазақстандық азамат Ресейде қолға түсті
Mailfire view pixel