RU

Өзінің тұсаукесерінде ұйықтап отырған бала елдің ішек-сілесін қатырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлына дүбірлетіп тұсаукесер той жасаған ата-ана мен қонақтар қызықты сәттің куәсі болды. Бүлдіршін өзінің тұсаукесер сәтінде ақ матаның үстінде қалың ұйқыға кеткен. Ал той үстіндегі қызық жағдай желіде лезде тарап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзінің тұсаукесерінде ұйықтап отырған бала жұртты күлкіге қарқ қылды

Фото: Видеодан кадр

Аталмыш видео Instagram-дағы insta_azil парақшасында пайда болды.

Кадрдан сәбидің ақ матаның үстіне жайылған ақшалардың арасында көзі жұмулы күйінде отырғанын көруге болады.

Анасы болса жерде отырған ұлының қолына он мың теңгені ұстатып жатыр. Алайда тәтті ұйқыдағы бүлдіршін болса оған назар аударар емес.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары видеоның ерекше көңіл-күй сыйлағанын жарыса жазуда. Тіпті баланың болашақта үлкен шенді азамат болатынын болжағандар да табылған.

"Депутат болатын бала ғой", "Ақша өзі келе береді мына балаға", "Тәп-тәтті балақай", "Мына видеоны көре бергің келеді", - деп жазды олар.

Десе де, оқырмандар арасында ештеңеге қарамастан баланың тұсауын кесіп, "қинаған" үлкендерді сынағандар да болды.

"Баланы күні бойы ұйықтатпаған секілді", "Бала шаршады, ол не істейді ақшаны", - деп жазды желідегілер.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзінің тұсаукесерінде ұйықтап отырған бала елдің ішек-сілесін қатырды (видео)
Mailfire view pixel