RU
"Үш жыл тұрдық": Динагүл Тасова өзіне қол көтерген сүйіктісі туралы айтып берді

"Үш жыл тұрдық": Динагүл Тасова өзіне қол көтерген сүйіктісі туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Сән апталығында төсін жалаңаштап танылған Динагүл Тасова сәтсіз аяқталған махаббаты жөнінде жан сырын ақтарды. Атышулы модель бұрынғы сүйіктісі туралы еш жерде айтпаған тың мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, бойжеткен ол ер азаматпен үш жыл бойы тұрыпты. Алайда, ақыр-соңы ғашығының заңды әйелі атанбаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Динагүл Тасова сүйіктісінің ата-анасы өзін келін ретінде қабылдамай қойғанын жасырмай айтты. Оның үстіне, модельдің ғашығы оны өз отбасымен әрең дегенде түрлі сылтаулар айтып, қашып жүріп таныстырған.

Айта кетерлігі, атышулы ару подиумға жалаңаштанып шығып, желіде шу тудырғаны салдарынан сүйіктісінің соққысына ұшырады. Азамат оны аяусыз ұрып, денесі мен бетін көгертіп тастаған болатын.

"Маған қол көтерген жігітті мен ең алғашқы пәк махаббатым болды деп айта аламын. Есімін айта алмаймын, Өскеменнен. Аяқ асты көшеде танысып қалдық. Бірақ, мен оны ұнатқан жоқпын басында. Арада үш ай өтіп, екеуміз тағы да тағдырдың тәлкегімен кездейсоқ кездесіп қаламыз. Осындай жағдай бірнеше рет болады.

Ол менің нөмірімді құрбыларым арқылы тауып алады. Бір рет кездесуді өтініп, содан кейін көрісуіміз жиілеп кетті. Үйленейік деді. Жеті жыл таныс болдық. Үш жыл бірге тұрдық. Неке болған жоқ. Мен оған "менімен болғың келсе, үйдегілеріммен танысып, олардың рұқсатына ие болып, содан кейін мені алып кетесің" деген талап қойдым.

Ол бәрін орындады. Бірақ, алып кеткенінде ол жігіттің ата-анасы қарсы болды. Ұсыныс жасағанға дейін анасы келіп танысты. Алайда, мені алып кеткен соң, үй-ішімен апарып таныстырмады. Олардың отбасында неге ондай түсініспеушілік болғанын білмеймін.

Біз бөлек шыққаннан кейін не өздері келмеді, не мені шақырмады. Көрмедім оларды. Көп сылтау болды, үйдің жөндеу жұмысы тағы басқасы бар. Сосын жеті айдан соң, мен оған ата-анасымен танысқым келеді, көргім келетінімді айттым. Алайда, ол кісілерге бағнда мені оңтүстіктің қызы деп бөлетіндерін түсіндім" , - деді Тасова.

Оған өоса, бойжеткен жігітінің ана-анасы оған мүлдем басқа қызды алып бергісі келгенін жеткізді.

"Үйлерінде болдым. Үйін жинап, ыдысын жуып келіндік қызметімді атқаруға тырыстым. Бір-ақ күн болдық, Бірге барып, бірге қайттық . Екі жақ құдалар танысты. Алайда, арадағы түсініспеушілік о бастан орын алған екен. Оларға біздің салт-дәстүр жат көрінген. Білуімше, олар жігітіме өздері секілді орысша тәрбиленген қыз алып бергісі келген.
Солай естідім. Бұдан кейін арамызда келіспеушіліктер көбейе берді. Келін болып келін бола алмадым. Олар да мені келін деп қабылдамады. Уақыт өтіп, менің оған деген көзқарасым өзгере бастады. Арамыз бұзылып кетті. Жақындық болды. Бірақ, ол балалы болғысы келмеді. Дайын емес екенін айтты. Менімен мәңгіге боларына да сенімді емес екенін айтты" , - деді атышулы модель.

Сіздің реакцияңыз
11
0
1
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel