Выйти
RU

ІІМ: Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылған жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрлігі Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеудің тоқтатылғанын растамайды. Ол тоқтатылған жоқ, тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Sputnik Қазақстанның жазуынша, бұған дейін Бас прокурор, қазіргі сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылғанын хабарлаған.

Оның айтуынша, іс қылмыс құрамы анықталмағандықтан тоқтатылған.

"Арыз шамамен екі ай бұрын түсті. Сенбі күні оған қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты іс тоқтатылғаны хабарланды. Мен мұны Кексельдің өзінен білдім. Тергеуші хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылғанын айтқан. Сіздер білесіздер, бұл Шкарлупаның ісімен байланысты", - деді Қожамжаров. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Олеся Кексельге қатысты ІІМ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы не үшін тергеліп жатқанын айтқан еді.

Ал Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс сағатында бұл іске қандай да бір түсінік беруден бас тартқан.

Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан.

Ол бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ: Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылған жоқ