Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ каскадері әйгілі "Мулан" фильмінің актеріне қалай айналған

Опубликовано:

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, каскадер Жайдарбек Күнғожинов Гәкку арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сұқбат берді. Nomad Stunts каскадерлер тобының негізін қалаушы 2020 жылы шығатын "Мулан" фильмінің актерлер құрамына қалай тап болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Каскадер танымал "Дисней" компаниясы түсірген "Мулан" кино картинасына қалай жолдама алғанын әңгімелеп берді.

"Мен бұлай болады деп күткен жоқпын. Олар мені "Муланға" шақырған кезде мамыр айында Жаңа Зеландияға келуімді сұрады. Продакшн біздің жігіттерді атқа мінетін негізгі каскадер ретінде көргісі келді.
Мен келістім, десе де "Томирис" фильмінің түсірілімінде жұмыс істеп жатқандықтан, Ақан менің ол жаққа барғанымды қаламады. Ол өте жауапкершілігі мол картина еді. Бірақ олар маған қайтадан екінші рет хат жіберген кезде, тамыз айында мен ұшып кеттім", - дейді Күнғожинов.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткеріне продакшн өкілдері канадалық актердің орнына рөл сомдауды ұсыныпты. Айтуынша, олар актерды каскадер ретінде түсіргенше, рөлді Жайдарбектің өзіне беруді шешкен.

"Ұлым мен тағы бір жігітті алдын ала жібердім. Олар аттар мен төбелес көріністерін дайындап жатты. Ұшып келіп, жұмысқа кірістім. Екі аптадан кейін мені продакшн продюссерлері шақырып: "Актер болғыңыз келмей ме? Біз сіздің актер болғаныңызды қалаймыз. Канадалық актерді алып тастағымыз келеді. Сен өзің бәрін істей аласың ғой" деді", - дейді ол.

Осылайша каскадерлер тобын дайындаған Жайдарбек Күнғожинов әп сәтте актер болып шыға келеді. Десе, де кинемотография кеңесінің белді мүшесі осындай тәжірибе алуға мүмкіндік түскеніне қуанышты екен.

"Ол жердегі продюссерлердің бірі менімен бірге "Марко-Поло" фильмінде жұмыс істеген. Менің келгенімді көріп, актерлікке ұсыныпты...Кезінде бір фильмде Джейсон Скотт Лидің каскадері болғанмын. Енді онымен бірге фильмге өзім түстім. Бұлай болады деп күтпедім", - дейі ол өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828303-tanymal-kazak-kaskaderi-jgili-mulan-filmini-akterine-kalaj-ajnalgan/

pixel