Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы ұлы қаза тапқан жердегі "пикникке" қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мұзда мәнерлеп сырғанаудан еліміздің жарық жұлдызы Деннис Теннің анасы Оксана Тен ұлы қаза тапқан жерде әнші Айқын Төлепбергеннің түсірілім тобы ұйымдастырған "пикникке" қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik /Владислав Воднев, Instagram/aigerimkdrkhn
Фото: Sputnik /Владислав Воднев, Instagram/aigerimkdrkhn: Facebook

Осы оқиғаға байланысты өмірден озған спортшының жанкүйері жазған ашулы пост Instagram желісінде екі күн бұрын пайда болған еді.

Ол Денис Теннің қаза тапқан жерде "пикник" ұйымдастырған бір топ адамға шамданды. Оның жариялаған суреттерінен адамдардың мәнерлеп сырғанаушының мемориалды тақтайшасы жанында тамақтанып отырғандарын көруге болады.

Белгілі болғандай, куәгерлер бұл жайт туралы спортшының анасына хабарлағанда, ол бірден оқиға орнына келген.

Оксана Теннің Zakon.kz басылымына мәлімдеуінше, оқиға орнына келген кезде ол ұлының жанкүйерлерінің мемориал маңындағы түскі тамақтан қалған қоқыстарды жинап жүргендерін көрген. Ал түсірілім тобы жай ғана шетте тұрған.

Оның айтуынша, түсірілім тобының мүшелері түскі ас ішу үшін бұл жерді кездейсоқ таңдағандарын жеткізген. Алайда, спортшының анасы олардың жай ғана түскі ас ішіп қана қоймай, меиориалдың жанында ас үй ұйымдастырғанын айтады.

Кейбір БАҚ өкілдері Айқын мен оның түсірілім тобының бұл әрекеттері үшін кешірім сұрағандарын жазды. Алайда, іс жүзінде спортшының анасынан ешкім кешірім сұрамағаны белгілі болды.

"Бұл жердің киелі болып қалуын сұрамаймын. Бірақ біреуге бұл трагедияны фарсқа айналдыру керек болды", – деп есептейді спортшының анасы.

Басылым бұл жөнінде пікірін білу үшін Айқынға жүгінді. Әнші іс жүзінде мәнерлеп сырғанаушының ол жерде емес, ауруханада қайтыс болғанын айтқан. Сондай-ақ ол жердің қоғамдық орын саналатынын, болған трагедия үшін аталған орынды айналып өтудің керегі жоқ екенін жеткізген.

Сонымен қатар, әнші спортшының анасынан баспасөз құралдары арқылы кешірім сұрағанын, ол жердегі түскі ас "техникалық себептермен" болғанын атап өтті.

"Менің ойымша, қыздар осылайша хайп жасағылары келді", – деген Айқын трагедия орнында ештеңе түсірмегендерін және түсіру жоспарда жоқ екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1828305-denis-tenni-anasy-ly-kaza-tapkan-zerdegi-piknikke-katysyty-pikir-bildirdi/

pixel