Выйти
RU

Қызылордада көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада жергілікті аялдамалардың бірінде автобус күтіп тұрған адамдарды көлік қағып кетті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жол көлік оқиғасының салдарынан үш адам қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қызылордада көлік аяламада тұрған адарды қағып кетті (видео)

Фото: Видеодан кадр

Ведомство хабарламасында айтылғандай, жантүршігерлік оқиға бүгін, 21 қараша күні таңертең Наразабаев даңғылында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен Mercedes-Benz-ке соғылып, содан кейін рөлді басқара алмай автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кетті.

Садарынан үш адам оқиға орнында көз жұмғаны хабарлануда.

Бұдан бөлек, екі адам түрлі жарақаттар алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, адамдардың өліміне себепкер болған адам ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Мамандар қажетті сараптамаларды жүргізуде.

Құқық қорғау органдарында ұсталған адамға қатысты "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті (видео)