Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ару Лос-Анджелестегі сұлулық байқауында жеңіп шықты (фото)

Опубликовано:

Лос-Анджелесте өткен сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысқан Ақерке Ысқақ халықаралық іс-шарада лайықты өнер көрсетіп, "Періштелер қаласын" бағындырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақерке жеңісін жыл сайынғы «Қазақстанның ханзадасы және ханшайымы» ұлттық сұлулық пен талант фестивалінің ұйымдастырушылары Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.

Хабарламада алматылық арудың 32 рет өткізіліп отырған "Miss Asia USA 2019" байқауының қатысушысы болғаны айтылған.

Финалға дейін 39 қатысушы жеткен, алайда Қазақстан атынан шыққан ару барлық қарсыласынан басып озып, жеңіске жеткен.

Сылқымдар 2 апта бойы байқаудың қиын тапсырмаларын орындап, өздерінің дағдыларын көрсеткен.

Сондай-ақ, хабарламада Ақеркенің Алматыдан Нью-Йоркке көшіп кеткені, қазіргі таңда сол қалада тұратыны айтылған.

Қазақстандық модель қайырымдылық іс-шаралар мен таныстырылымдарға жиі қатысады. Ол барлық мәдени шараларға Қазақстан атынан шығады.

Ұлттық костюмдер шеруі кезінде Ақерке ақ көйлек киіп, қолына алма ұстап шыққан. Бойжеткен Instagram парақшасында бұл жемістің туған қаласының символы екенін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828318-almatylyk-aru-los-andzelestegi-slulyk-bajkauynda-zeip-sykty-foto/

pixel