Выйти
RU

"Құран оқимын, арақ ішемін": Динагүл Тасова мәлімдемесімен елді шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғаламтор кеңістігінде төсін ашып танылған модель Динагүл Тасова ел күтпеген мәлімдеме жасады. Атышулы ару құран оқитынына қарамастан, арақ ішіп тұратынын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Динагүл Тасова арақтан басқа ішімдік түрін қолданбайтынын айтты. Оған қоса, бойжеткен арасында темекі шегетін кездері болатынын мойындады.

"Темекіні негізі тартпаймын. Бірақ, көңіл-күйім жоқ кезде ол да болып тұрады. Ал өмірде мүлдем. Жоқ деп айтпай-ақ қояйын, бірақ кейде болып тұрады. Негізі осы уақытқа дейін темекі мен кальян атаулысын шегіп көрмеген едім. Қазір анда-санда болады.Коньяк пен виски ішпеймін. Қатты көңіл-күйім болмай кетсе, бәрі жиналып қалып, мұңымды айтар адам болмай қалады.
Біреуге айтсам мені түсінбейтіндей көрінеді. Сондай кезде, қыздармен және достарыммен отырған кезде өз орнымен жүз грамм арақ ішетінім болады. Әримне, қатты ішіп кетпеймін. Осы бес-алты жыл бойы мен газадлған сусындардан бас тарттым. Сол себепті, виски коньяк іше алмаймын. Тек таза арақ. Кейде вино ішемін" , - деді ару.

Атышулы модель ішімдік қолданғанымен, құран да оқитын болып шықты.

"Өзім үйде құран оқимын. Бірақ, бес уақыт намаз оқимын деп айта алмаймын. Себебі, адам ол жолды таңдағаннан кейін, ол жолдан кетіп қалмау керек. Ал құранды мен үйде жеті нан болған кезде, жұмы күні оқимын. Өзімнің сатып алған құран кітабім бар. Содан оқып, ниетімді бағыштаймын" , - деді Тасова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Құран оқимын, арақ ішемін": Динагүл Тасова мәлімдемесімен елді шошытты