Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамасарипова туған күнін Дубайда құрбыларымен бірге тойлады (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнесте және кино әлемінде өз орнын қалыптастырған Гүлнұр Мамасарипова биыл туған күнін Араб әмірлігінде өткізді. Отандық танымал продюсер 45 жасын Дубай қаласында жақын құрбыларының арасында естен кетпестей етіп өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Мамасарипова 2019 жылы бірнеше фильм таспалап, өзіне туған күніне орай демалыс ұйымдастыруды жөн көрген.

Туған күн иесі жұлдызды құрбыларымен бірге Дубайға ұшып кеткен.

Олардың арасында Гүлбаршын Заирова, Айнұр Көпбасарова, Айнұр Асанберді, Айнұр Асқарқызы, Майра Досболова, Ерке Есмахан және Айнұр Тұрсынбаева бар.

"Туған күнді өткіздік. Менің көңілім үшін Дубайға жиналған құрбыларыма шын жүрегімнен рахмет айтамын. Тойда қайтсын қыздар" , - деп жазды продюсер суреттің астына.

Мамасариповамен Дубайға барғандар арасында оның қызы Сара Амангелді көрінбейді. Продюсердің қызы анасының туған күніне Араб әмірлігіне бара алмаса керек.

Белгілі продюсер мен оның жақын құрбылары Instagram желіcінде туған күннен суреттер мен видеолармен белсенді түрде бөлісіп, туған күн иесіне өз ақ тілегін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828330-mamasaripova-tugan-knin-dubajda-krbylarymen-birge-tojlady-foto/

pixel