RU

Қарағандыда есірткі жарнамасы жазылған баннерге тапсырыс беруші ұсталды

Рассказать Вконтакте

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолданушыларды есірткі сататын сайтқа бағыттайтын QR кодымен баннер жарнамасының тапсырыс берушісін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/fima_alk

Фото: twitter.com/fima_alk

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция жарнамаға тапсырыс берушінің кім екенін ғана емес, оның сенімді өкілін де анықтаған.

Одан бөлек, оңтүстік астанада баннерді дайындаған қандай фирма екені де анықталған. Сондай-ақ, баннерді астанада, Алматыда, Шымкентте, Қарағанды және Өскеменде ілген заңды тұлғалар да анықталды.

Ведомствоның айтуынша, қазіргі таңда делдал қамауға алынған. Іс жүргізу шаралары жасалуда.

Анықталған заңды тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 423-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ Алматыда осы баннерлерді өндірушіге де әкімшілік жаза қолданылды. Ол 757 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

ІІМ-нің айтуынша, депутаттар есірткі қылмыстары үшін жазаны қатаңдату туралы ұсыныс білдерген. Есірткіні заңсыз насихаттап, оны жарнамалауды әкімшілік құқықбұзушылық қатарынан шығарып, Қылмыстық кодекске ауыстыру жоспарланып отыр.

Айта кетсек, әлеуметтік желілердің бірінде Алматыдағы баннерде есірткі заттары жарнамаланып тұрғаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Еліміздің бірнеше қаласында осындай жеті баннер табылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда есірткі жарнамасы жазылған баннерге тапсырыс беруші ұсталды
Mailfire view pixel