RU

"Таяқ жемесе - қатын емес": Тойда сөз сөйлеген әйел елдің ашуын тудырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Оспан Фариза атты белсенді ару нәзік жандылардың намысына тиетін видеоны жариялап, өзінің ойын ашық білдірді. Ол Қазақстандағы әйел адамдардың құқығы дұрыс қорғалмай жатқанын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оспан Фариза шулы бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Мен мына видеоны осында қалдырамын. Ролик соншалықты абсурдты және өте ауыр.

Біз кадрдан әйел адамның үйлену тойда тілек айту үшін ортаға шыққанын көреміз.

Ол микрофонды алып, "күйеуінен таяқ жемеген қатын - қатын емес", - деп ойын білдірді. Той қонағының сөзіне мерекелік кеште отырған еркектердің қуана-қуана қолдау көрсеткенін де видеодан аңғаруға болады. ⠀ Келесі жолы Қазақстандағы әйелдердің құқықтары туралы сұрақ қойылғанда, мен осы роликті көрсетемін", - деді белсенді.

Бұны көрген желі оқырмандары "Айтарға сөзім жоқ", "Бұл елде барлығы да түсінікті", "Тойда осыны айту арқылы еркектердің абыройын алдау сөзбен көтеріп қойды", "Әйелді ұрыс жақсы емес", "Неге өзін түсіреді", "Елдің алдында осылай сөйлеу - дұрыс емес" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Таяқ жемесе - қатын емес": Тойда сөз сөйлеген әйел елдің ашуын тудырды
Mailfire view pixel