RU
Қайрат Қожамжаров Манзоровтың ісіне пікір білдірді

Қайрат Қожамжаров Манзоровтың ісіне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бұған дейін Бас прокурор қызметін атқарған, қазіргі парламент сенаторы Қайрат Қожамжаров Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Бұрынғы бас прокурор жірналистермен кездесіп, қылмыстық істерге бағаны тек тергеушілер мен прокурорлар бере алатынын атап өтті. Сондай-ақ огл материалдарды мұқият зерттеген жағдайда ғана іске баға беруге болатынын атап өтті.

Қожамжаровтың сөзінше, оның қазіргі уақытта тергеуге ешқандай қатысы жоқ. Алайда сенатордың өз тәжірибесіне сүйеніп айтуынша, егер дәлелдейтін айғақтары болса прокурорлар қылмыстық тергеуді жалғастырады.

Қожамжаров қазіргі уақытта Манзоров ісіне заң тұрғысынан баға беруге ешқандай өкілеттілігі жоқ екенін хабарлады. Маманның сөзінше, бұл жағдайда сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот органдары қатысуы керек.

Қожамжаровтың сөзінше, аталған органдардың айқын өкілеттілігі бар.

"Сондықтан, бас прокуратура бүгінде істің тоқтатылғандығы, негізсіз қозғалғандығы туралы шешім қабылдаса, мен прокуратура органдарымен келісемін. Бірақ бұл менің жеке қарым-қатынасым", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel