RU

"Оған қатысты 16 іс болған": Қайырбекованың ректор болуын сенаторлар сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Білім министрлігіндегі басшылық лауазымдарға тағайындау тәжірибесін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анар Қайырбекова. Фото: edu.gov.kz

Анар Қайырбекова. Фото: edu.gov.kz

"Кейбір тұлғаларды басқарушы лауазымға тағайындау үшін қандай тәсілдер қолданылатыны түсініксіз. Тағайындау - ашық болуы керек деп санаймын. Білім және ғылымның маңызды мәселелерін шешудің орнына БҒМ әр түрлі қарама-қайшылықтар мен жанжалдарға назар аударатыны белгілі болды", - деді Бақтиярұлы.

Мұндай мәлімдемеге Анар Қайырбекованың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректор болып тағайындалуы негіз болған.

"Оның арыз жазғанын білесіздер, кейбір вице-министрлермен дауласты. 2014 жылдан бері оған қатысты 16 іс болған. Әңгіме тәртіптік істер жөнінде. Бұл этикалық нормаларға қаншалықты сәйкес келеді?
Жоғары оқу орындарының жетекшілері мәртебесі мінсіз тұлғалар болуы керек деп есептеймін. Оның тағайындалуы қолданыстағы заңға қаншалықты сәйкес келеді?, - деп сұрақ қойды ол.

Айта кетсек, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Анар Қайырбекованың ректор болып тағайындалғанын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Оған қатысты 16 іс болған": Қайырбекованың ректор болуын сенаторлар сынға алды
Mailfire view pixel