Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 баланы бауырына басқан алматылық ана сәбилерді шетелге сатуға қарсы шықты

Опубликовано:

Алматыда ата-ананың қамқорынсыз қалған 60 баланы бауырына басып, тәрбиелеп отырған Әмина қажы Аджибаева жетім балаларды шетелдіктерге сатуға қарсы шықты. Әмина апайдың айтуынша, балаларды жат елге жібермей, сәби сүйе алмаған отбасылардың қарауына беруді қолға алу керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алпыс баланы бауырына басқан алматылық ана сәбилерді шетелге сатуға қарсы шықты
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Әмина қажы мен «Перзент» балалар үйі тәрбиеленушілерінің мұндай мәлімдеме жасауына еліміздегі балалар омбудсмені Аружан Саиның ұсынысы себеп болған.

«Шетелдіктерге бала сату – үлкен қате. Қаракөздерді жат елге жібергенше, бала сүйе алмаған отбасылардың асырап алуына жол ашу қажет.

Шетелдіктер дені сау баланы ғана таңдап, ауру-сырқауларын алмайды. Меніңше, мұның да астарында сыр жатыр. Олардың болашақта бала денсаулығына зиян келтірмесіне кім кепіл?

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Сол себепті, онсыз да әке-шешенің мейірімінен айырылған балаларды жат біреудің жетегінде жіберу орны толмас өкініш болары сөзсіз.

Бұл балалар болашақта халық санын көбейтуге үлес қосады. Баланы жатқа жібермеу керек», - дейді Әмина қажы.
Алпыс баланы бауырына басқан алматылық ана сәбилерді шетелге сатуға қарсы шықты
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Айта кетелік, балалар омбудсмені Аружан Саин сәбилерді шетелдік азаматтар асырап алу үшін арнайы заң қабылдау керектігін айтқан болатын.

Осыдан соң, «Перзент» балалар үйінің тәрбиеленушілері наразылық танытты. Олар қолдарына плакат ұстап, «Шетелге бала сатылмасын» деп ұрандатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828361-60-balany-bauyryna-baskan-almatylyk-ana-sbilerdi-setelge-satuga-karsy-sykty/

pixel