RU
Швейцария соты Храпуновың жүздеген доллар жымқырғаны туралы айыпты жойды

Швейцария соты Храпуновың жүздеген доллар жымқырғаны туралы айыпты жойды

Рассказать Вконтакте

Швейцарияға қашып кеткен Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Айта кету керек, Женева прокуратурасы Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға ресми сапарынан аз уақыт бұрын осындай шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Виктор Храпунов. Фото: arnapress.kz

Виктор Храпунов. Фото: arnapress.kz

Бұл хабар швейцариялық-неміс тіліндегі Tages-Anzeiger газетінің сайтында пайда болды.

Шетелдік басылым 12 қарашада Женева прокуроры Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық істі жеті жылға созылған сот ісінен кейін тоқтатқанын хабарлады. Мұндай ақпаратты прокуратура өкілі Марк Гениат растаған.

Алайда газеттің жазуынша, 25-қарашада аталған іс бойынша аппеляциға беруге болады.

Шетелдік газетке шыққан жазбаға Виктор Храпунов өзінің отбасы бірнеше жыл күткен жаңалықты бөлісуге қуанышты екенін айтып пікір білдірген.

Айта кетсек, Алматының бұрынғы әкімі 2008 жылы Қазақстаннан әйеліме бірге Женеваға қашып кеткен. Олар мемлекет ақшасын жымқырды деп айыпталған. Алайда бұрынғы шенеунік өзіне тағылған айыпты үнемі жоққа шығарумен болған.

Қазақстан соты Храпуновты 2018 жылдың қазанында сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырған. Оның жұбайы да 14 жылға сотталған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel