RU
Қақаған аязда іш киіммен жүрген елордалық әйел жұртты таңырқатты (видео)

Қақаған аязда іш киіммен жүрген елордалық әйел жұртты таңырқатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде елорданың -30 градус аязында шешініп тастаған тағы бір тұрғынның видеосы тарап кетті. Бұл жолы оқырмандарды орта жастағы әйел адам таң қалдырды. Ол көше ортасында күннің суығына қарамастан сырт киімін шешіп, жұқа іш киіммен жүруді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Ерекше видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды.

Онда қыс ортасында көше бойында іш киіммен келе жатқан орта жастағы әйел адамды анық көруге болады.

Видео авторлары тіпті әйел адамнан сұхбат алмақ та болады.

Олар: "Сізден сұхбат алсақ бола ма?" деп сұрағанында, әйел адам бірден "Жоқ" деп жауап беруден бас тартады.

"Ақ жейдемен көше ортасында жүрген ер адам мына әйелдің жанында ойнамай қалды", - деген әзіл-шыны аралас қысқа жазба қалдырған ролик авторы.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікірлерін жаудырған. Олар:

"Апам қыс ортасында қатырады", "Несиесінен құтылған шығар, қайдан білесіздер", "Өзі өміріне мәз сияқты", "Күлкісі де керемет екен", "Челлендж басталып кетті ме", "Бәлкім салауатты өмір салтын ұстанатын біреу шығар", "Мына суықта қалай тоңбайды екен?" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Айта кетейік, кеше елордада көше ортасында жейдемен жүрген ер адам көпті таң қалдырған еді. Сондай-ақ шаһарда күннің күрт суытуына байланысты 0-9 сыныптардың оқушыларына сабақ болмайтыны жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel