RU
Анастасия Заворотнюктің туыстары актрисаның "өліміне" қатысты жауап берді

Анастасия Заворотнюктің туыстары актрисаның "өліміне" қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Анонимді ақпарат көздері Анастасия Заворотнюктің денсаулығы туралы, сондай-ақ оның жеке және отбасылық өмірі туралы түрлі қауесеттерді таратуды жалғастыруда. Бірер күн бұрын "ғажайып бала күтушінің" қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы актриса жатқан оңалту орталығының дәрігерлері хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше күн бұрын БАҚ беттерінде актрисаның күйеуі Петр Чернышевтің ажырасқысы келетіні туралы ақпарат шыққан. Қауесеттерге сүйенсек, фигурист Заваоротнюктен бірнеше жыл бұрын кеткісі келген. Актрисаның қолдау тобы мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

Алайда бұл қоғамда тарап жатқан жалғыз өсек-аяң емес. Әлеуметтік желіде актрисаның қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Анастасия жатқан клиниканың дәрігерлері айтқан болуы мүмкін.

Актрисаның туыстарының танысы бұл ақпараттың растығын білу үшін хат жолдапты.

"Бәрі этика, саналы ойлау мен адамгершілік шекарасынан тыс. Иә, адамдар бұлай жасамайды. Мұны тек төменгі деңгейдегі тіршілік иелері жасай алады. Және ең бастысы - жоқ, бұл өтірік! Бей-жай қарамайтындардың барлығына дұғаларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін алғыс айтамыз!
P.S. Біз бұл скринді "ақпарат көзі" сілтеме жасаған клиникаға тапсырамыз. Біз бұл әдепсіздіктің авторы қай қызметкер екенін білгіміз келеді", - делінген Заворотнюкті қолдау тобындағы жазбада.

Осы орайда актрисаның жанкүйерлері оның тезірек сауығып кетуін тілеп, пікірлерін жазды.

"Тезірек сауығып кетсін", "Адамгершілік қайда, мұндай жалған ақпаратты таратуға болмайды ғой", "Әр адамның жеке өмірі бар, тез жазылып кетсін", - деді оқырмандар.

Айта кетсек, танымал актрисаға бас миының ісігі диагнозы қойылған. Оның дерті туралы қыркүйек айында белгілі болды. Қазіргі таңда Анастасия Заворотнюкке күрделі ем жасалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel