RU
Жайдарманшылар екінші рет үйленген Айқынды ұятқа қалдырды (видео)

Жайдарманшылар екінші рет үйленген Айқынды ұятқа қалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген "Жайдарман" ойындарына қазылық етіп отырып, келеңсіз жайтқа тап болды. Екінші рет үйленген "Айқын" есімді жігіттің үйленуі туралы әзілдеген жайдарманшылар әншіні "ұялтып", көпшілікті қыран-топан күлкінің астында қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жайдарман" ойындарында Алматы қаласының намысын қорғаған "Жаснар" командасы әділқазылар арасында болған Айқынды ұятқа қалдырды.

Әзілкештер екінші рет үйленіп жатқан жігіттің тойынан үзінді көрсетіп, көрерменді күлкіге қарық қылған.

Олар өз әзілінде екінші мәрте отау құрған әншіні меңзеп, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Мұндай әзілді күтпеген эстрада жұлдызы таңғалып, жұртшылықпен қоса күлген.

"Ал Айқын бірінші тойдағы тілектерге қосыла салайық. Бірінші тойыңдағы тілектерің, мүмкін, қабыл болмай қалған шығар. Сол үшін де бүгінгі той халал сияқты ғой. Бірінші әйелің де жақсы негізі. Керемет әйел, адамгершілігі бар. Міне, тіпті бүгін қыз жолдас болып отыр екен. Оның өзі бір үлкен батылдық емес пе? " , - деп тойда тілек айтқан достарының образын көрсетті әзілкештер.

Олардың сөзінен кейін бүкіл зал күлкісін тоқтата алмады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel