RU
Дуров желідегілерді WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырды

Дуров желідегілерді WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырды

Рассказать Вконтакте

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін құрастырушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Павел Дуров. Фото: 3dnews.ru

Павел Дуров. Фото: 3dnews.ru

Павел Дуровтың пікірінше, WhatsApp мессенджерінің қауіпсіздік жүйесі осал және арнайы қызметтегілер жеке деректерді оңай жинай алады.

"Егер күндердің күнінде сіздің фотосуреттеріңіз бен хабарламаларыңыз көпке қолжетімді болғанын қаламасаңыз, онда сізге WhatsApp-ты телефоныңыздан өшіріп тастауға тура келеді", - деп жазды ол өзінің телеграм арнасында.

Сондай-ақ Дуров Facebook-ті жасаушылар қосымшада қадағалау мүмкіндігін кездейсоқ қалдырған деп күмәнданды.

Айта кетсек, WhatsApp мессенджерін бұзудың жаңа әдісі табылды. Бұл үшін кибер шабуылдаушылар өзгертілген MP4 файлдарын қолданады. Мамандар мұндай форматтағы файлдарды жүктеп алу кезінде абай болуға шақырған.

Өйткені хакерлер басқа адамдардың құрылғыларындағы кодты қашықтықтан орындауды және DoS-шабуылдарын бастау үшін оларды қалай қолдануды біледі екен.

Сондай-ақ, мессенджерді бұзу үшін хакерлерге желі қолданушыларының растауы қажет емес.

Сіздің реакцияңыз
0
4
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel