Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдердің жыныстық қатынасқа қызығушылығы не себепті төмендейді

Опубликовано:

Ғалымдар әйел адамдардың жыныстық қатынасқа деген қызығушылығы не себепті төмендейтінін анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша бұған ер адамдардың өздері кінәлі болып шықты деп хабарлайды mk.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Мұндай қорытындыға Питтсбургск университетінің ғалымдары келіп отыр.

Жалпы зерттеуге жасы 60-тан асқан 36 әйел адам қатысқан. Олардың әрқайсысы ғалымдар берген анкетаны толтырған.

Зерттеушілер жыныстық қатынасқа деген қызығушылық әйелдердің осы жасында төмендей түсетінін, тіпті бұл тақырыпқа әңгіме қозғаудың өзі оларды күйзеліске түсіретінін анықтаған.

Ғалымдар мұндай жағдайдың орын алуына ең алдымен олардың жұбайлары кінәлі екенін анықтаған. Айтуларынша, олар төсек қатынасында өздерін қанағаттандырғанымен, әйелдерінің ләззат алуына мән бермеген екен.

Айта кетерлігі, ғалымдар жақында ғана жыныстық қатынасқа деген қызығушылық тіпті жастардың арасында төмендегенін мәлімдеген еді. Мұндай қорытындыға Калифорния университетінің ғалымдары келген болатын.

Олардың сөзінше, жастар жыныстық қатынастан ата-аналарымен бірге ұзақ уақыт бірге тұрғандықтан, оқу мен мансапқа көңіл бөлгендіктен бас тартатын болыпты.

Сонымен бірге, олар қазіргі жастардың кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсуден қорқатындарын да айтқан. Олар мұндай үрдіс жастардың жауапкершілігін арттыра түсетінін де мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828393-jelderdi-zynystyk-katynaska-kyzygusylygy-ne-sebepti-tmendejdi/

pixel