RU
Мәскеу әуежайында қазақстандық әншіні тонап кетті

Мәскеу әуежайында қазақстандық әншіні тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейде қазақстандық әнші Динара Алжанды тонап кетті. Әртістің сөмкесі мәскеулік әуежайда қолды болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы біздің редакцияға әншінің продюсері Ринат Тәттібай хабарлады.

Белгілі болғандай, Динара Алжан Ресей астанасында бір-екі күн болып, елге қайтпақ болады. Әуежайда ол өзін екі бөтен адамның аңдып жүргенін байқаған.

"Ол тіркеуге жүгіріп, кешігіп қалды. Кенеттен жігіттердің бірі оны иығынан итеріп, екіншісі қолынан сөмкесін жұлып алған. Сөмкесінде карточкасы, 13 мың рубльі (78 000-нан аса - ред.) және қымбат косметикасы болған. Ол шығынды 330 мың теңгеге бағалап отыр", - деді Ринат Тәттібай.

Қуанышқа орай, Динараның төлқұжаты сөмкесінде емес, күрткесінің қалтасында болыпты.

Әнші есеңгіреп қалғанына қарамастан, рейске тіркеу аяқталып бара жатқандықтан құжаттық бақылаудан өткен.

"Карточкасында аз ақша болғаны жақсы болған. Құжаты күрткесінде болып, жолы болған. Ол есеңгіреп қалды, мелшиіп отыр. Жай ғана тұрған, не істерін білмеген.
Ол тіркеуден өтіп, есеңгіреген күйде екі күн бойы ешкіммен сөйлеспеді. Динара шетелде сақ болып, құжатты денеңізге жақын ұстауға кеңес береді. Қызбен осындай сұмдық болды", - дедеі Ринат.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel