RU
Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев 2019 жылғы 21 қарашадан атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тараздағы елді дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, облыс әкіміне шаһар басшысын қызметінен бостауды тапсырған болатын.

Сонымен қатар мемлекет басшысы өңір әкімі Асқар Мырзахметовке де ескерту жасаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда жетінші сынып оқушысының дәретханада зорланғаны туралы хабарланған еді.

Полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Оқушыны мектеп дәретханасында зорлаған азаматты анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен.

Ұсталған ер адам 38 жастағы үйленбеген, бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған азамат болып шықты. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Артынша күдіктінің осыдан бірнеше бұрын қыз зорлау фактісі бойынша сотталғаны анықталды. Ол төрт жыл түрмеде отырып, бір жылын шартты түрде өткізген.

Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, бұл оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

Оған қоса, облыстық білім басқармасының басшысы да өз еркімен қызметінен кетті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel