RU
Түркістанда "Ислам мемлекеті" ұйымына мүше болуға шақырып жүрген ер адам ұсталды

Түркістанда "Ислам мемлекеті" ұйымына мүше болуға шақырып жүрген ер адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласында "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырып жүрген тұрғын тұтқындалды. Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен ұстаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарнаның хабарлауынша, Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің "жаңсақ" екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты.

Өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, "салафизмді" үйретіпті. Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүр екен.

Алайда ол темір тордан бір-ақ шыққан.

Енді ер адам лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз КТК арнасы

Сириядағы соғыс аймақтарында болып келген қазақстандықтардың оқиғалары БАҚ беттерінде жиі жарияланатын болып жүр. Отанына оралған адамдар ол жақта көрген жантүршігерлік оқиғаларын айтып, өзгелерден өздерінің қателіктерін қайталамауды сұрайды.

"Мүмкіндік" оңалту орталығының басшысы Ольга Рыльдің айтуынша, Сириядан келгендердің қалыпқа келу процесі өте ұзақ.

Оның сөзінше, онда адамдар тек қиындық көрмеген. Мәселен 13 жастағы қызды екі рет тұрмысқа берген.

Сонымен қатар Ольга Рыль сол жақта болып келген жандардан естіген өзге де адам шошырлық жайттарды баяндаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel