Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордадағы жол апаты: Аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы көз жұмған

Опубликовано:

21 қарашада Қызылорданың Назарбаев даңғылында болған жол апатынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олардың екеуі оқушы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.  

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ресми мәліметке сүйенген агенттіктің ақпарынша, көз жұмған оқушылардың бірі ұл бала. Ол №12 мектептің бесінші сынып оқушысы. Екіншісі – оның қарындасы, ол үшінші сыныпта оқыған. Екеуі де мектепке бара жатқан.

Ал үшінші қайтыс болған адам Титов ауылының 42 жастағы тұрғыны. Ол да автобус күтіп тұрған екен.

Жол апатынан жарақат алған екі адамның бірі-он жастағы қыз бала. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Екінші зардап шегуші 1988 жылы туған келіншек қалалық ауруханада жатыр.

Қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегеннің айтуынша, 31 жастағы келіншек екі аяғынан қатты жарақат алған. Одан оң жақ пен сол жақ сан сүйегінің, сондай-ақ сол жақ балтыр сүйегінің жабық сынығы анықталған.

"Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Себебі жарақаттан қатты шок алған. Соған қарсы барлық шара атқарылып жатыр. Шоктан шыққаннан кейін аяқтарына ота жасау жағы қаралады. Ота кезінде остеосинтез жасалып, сүйектері орнына салынады", - деді Төлеген Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, жол апатынан кейін ауруханаға 43 жастағы ер адам да жеткізіліпті. Бірақ алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілген.

Агенттіктің әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйініп хабарлауынша, 20 жастағы көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіпті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылордада жергілікті аялдамалардың бірінде автобус күтіп тұрған адамдарды көлік қағып кетіп, салдарынан үш адамның оқиға орнында қаза тауып, тағы екі тұрғынның ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828415-kyzylordadagy-zol-apaty-aaldamada-trgan-bir-jdi-eki-balasy-kz-zmgan/

pixel