RU
Түркіменстанда соңғы 18 жылдан кейін алғаш рет опера қойылды

Түркіменстанда соңғы 19 жылдан кейін алғаш рет опера қойылды

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда операға тыйым салынған 18 жылдан соң алғаш рет ел астанасы Ашғабадтың мемлекеттік театрында италиялық композитор Руджеро Леонкаваллоның "Паяцы" шығармасы қойылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: urkmenistan.gov.tm

Көрнекі фото: urkmenistan.gov.tm

Басылымның мәліметінше, 18 жылдан кейін Италия мен Түркіменстан арасындағы мәдениет алмасу бағдарламасы аясында қойылған опера аншлагпен өткен.

Онда италиялық әртістермен бірге түркіменнің баритон дауыстағы опера әншісі Амангелді Аманов та өнерін көрсеткен.

Өнер иесі соңғы рет 2001 жылдың наурыз айында сахнаға шыққан.

Басылымның жазуынша, Түркіменстанның бірінші басшысы Сапармұрат Ниязов 2001 жылы ұлттық өнерді қорғаймын деп, опера мен балетке тыйым салған.

Бұл өнер түрлерін түркімен менталитетіне жат деп санап келген.

Оның мұрагері, Ниязовтың жеке тіс емдеушісі болған Гурбангулы Бердімұхамедов 2006 жылы билікке келгеннен кейін де бұл өнерге тыйым салу жалғасқан.

Есесіне Түркіместанда алабай итіне деген құрмет ерекше.

Мәселен 6 қарашада түркімен астанасының құрылыс жұмыстарымен танысқан ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов алабай тұқымдас итке тағы бір ескерткіш қоюды тапсырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel