Выйти
RU

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы "Жанұя" балалар үйінің 11 жастағы тәрбиеленушісі Артур Федоров бірнеше күн бұрын жоғалып кетті. Құқық қорғау қызметкерлері баланы төртінші күн іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық полиция департаменті Артурдың жоғалып кеткені туралы арыз оңтүстік астананың ювеналды полициясына 17 қарашада түскенін атап өтті.

Тәртіп сақшыларынан жоғалып кеткен баланың әпкесі көмек сұраған.

Артурдың отбасында осы жылы қайғылы жағдай орын алып, сол себепті оны жақындары "Жанұя" балалар үйіне өткізгені белгілі болды.

Баланың ата-анасы да қаза тапқан.

Артур демалыс күндері әпкесінің үйіне жиі барыпты.

15 қараша күні туысы баланы алып кеткен. 17 қарашада Артурды әпкесі балалар үйіне апармақ болған. Алайда ол туысынан қашып кетіпті.

Ювеналды полиция хабар түскеннен кейін тез арада іздеу жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.

2008 жылы туған Артур Федоровты іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кірісті. Оларға "Қоғам" қорының қоғамдық белсенділері қосылды.

Жоғалған бала туралы ақпараттар әлеуметтік желіде пайда болды.

Артур сұр түсті жемпір, қоңыр спорт киімі немесе ақ жеңді көк спорт киіммен соңғы рет болды.

Ерекше белгілері: баланың бетінде секпіл, сондай-ақ, саусақтың ізіндей туғаннан дақ бар.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі жоғалып кетті