Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі әнші Марат Омаровтың есімі кісі өлтіру ісінде аталды

Опубликовано:

2019 жылдың сәуірінде Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты жергілікті тұрғынға қатысты абайсызда кісі өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Қызықтысы, іс тарихында белгілі қазақстандық композитор және әнші Марат Омаров туралы айтылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Музыканттың өзі алдын-ала тергеу кезеңінде іске қатысы бар екенін естіп есеңгіреп қалған. Сотталушы әйелдің өзін Омаровтың сүйіктісімін деп таныстырғаны белгілі болды.

Өзінің сөздері шындыққа жанасуы үшін ол концерттердің бірінде маэстромен бірге түскен фотосын тергеуге көрсеткен.

Әнші БАҚ өкілдеріне сотталған әйелмен таныс еместігін, оны бұрын ешқашан көрмегенін айтты. Ол танымалдылықтың өзін жала мен күмәнді істердің алдында дәрменсіз ететініне қынжылған.

Омаровтың сөзінше, мұндай келеңсіз жағдайлардан тіпті Филипп Киркоров және Игорь Николаев сынды ресейлік жұлдыздар да сақтандырылмаған.

Ол өзіне назар аударту үшін мұндай істермен арам пиғылды адамдар айналысатынына сенімді. Алайда Омаров мәселені жылы жауып қоя салмақ емес. Егере осылай жалғаса берсе, ол іке өзінің қорғаушыларын тартпақ.

Бірнеше уақыттан кейін сотталушы әйел өзінің жалған сөйлегенін мойындап, маэстромен таныстық туралы мас күйде түсінік бердім деп ақталған.

Мұны судья Талғат қахаров та растады. Оның айтуынша, тұтқындау кезінде әйел мас болған, ал сот Марат Омаровтың іске қатысы бар-жоғын анықтай бастағанда, әйел өзін оның шығармашылығының табынушысымен деп атаған. Кейінірек ол сотта шын мәнісінде әншіні мүлдем танымайтынын айтқан.

Кісі өлімі Шымкенттегі жалдамалы пәтердің бірінде болған. Тергеудің айтуынша, сотталушы мен оның құрбаны кездейсоқ таныстықтарын атап өтпек болып, пәтер жалдаған және спирттік ішімдік ішкен.

Сөйтіп екедің арасында жанжал болып, сотталушы құрбысын итеріп жібереді. Содан кейін ол түк болмағандай ұйықтап қалады. Таңертең оянған әйел танысының өліп қалғанын біледі.

Әл-Фараби аудандық соты кісі өлімі абайсызда болған деп есептеп, үш баланың анасына екі жыл түрмеде отыру жазасы кесілген. Қайтыс болған әйелдің Ерғалис есімді ағасы жазаны тым жұмсақ деп есептеп отыр.

Оның айтуынша, сот іс материалын терең зерттемеген және барлық куәгерлердін жауап алмаған. Оған қосымша, Ерғали сотталушыдан істеген ісі үшін өкінетінін бір рет те естімеген.

Ерғали бапты қайтадан квалификациялау үшін аппеляциялық шағым түсіріп қойыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828452-belgili-nsi-marat-omarovty-aty-kisi-ltiru-isinde-ataldy/

pixel