RU
Батыс Қазақстанда шенеунікті жасырын камераға түсіріп алды (видео)

Батыс Қазақстанда шенеунікті жасырын камераға түсіріп алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күресу кезінде шенеунікті камераға түсірді. Әйел адам пара алмақ болды деген күдікке ілінген болатын. Алайда ол соңғы сәтте шешімін өзгертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Надежда" газетіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жергілікті басылымда мақала "Әйелдер түйсігі" атты тақырыппен жарық көрді.

БАҚ ақпараты бойынша, Орал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Рамазанов заңсыз 100 мың теңге сыйақы алды деп күдікке ілінген.

Тергеу болжамы бойынша, бқл ақшаға шенеунік тексеру нәтижелері бойынша мейрамханалардың біріне қажетті қорытынды сұрады.

Газетте келісілген соманы мемлекеттік қызметшіге беруге мәжбүр болған адамға жасырын камера ілінгені жазылған. Кездесуден кейін ол бейнежазбаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке ұсынды.

Облыстық ҚДП басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Саматтың айтуынша, нәтижесінде 100 мың теңге үшінші тараптың шотына аударылған.

Сосын шенеунік параны берген адамға ақшаны қайтарып беруді бұйырған.

Ол ақшадан өз еркімен бас тарту нәтижесінде шенеунік қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын атап өтті.

Алайда, департаменттің мәліметінше, шенеунік заң мен этикалық нормаларды бұзған. Сондықтан ведомство басшылыққа жүгініп, әйел адамды қызметінен босатуды ұсынды. Әзірге шенеунікке қатысты шешім қабылданған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel