Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалова ел назарына талдырмаш мүсінін паш етті

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өз орны бар ерекше дауысты әнші Жанар Дұғалова көпшілікті мінсіз мүсінімен естен таңдырды. Өнер иесі желіде дене сымбатын барынша паш етіп, өзін сағынып жүрген жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біраз уақыт бойы сахнадан көрінбей кеткен Жанар Дұғалова енді Instagram әлеуметтік желісінде белсенділік танытуда.

Әнші парақшасына ерекше фотосессияларының нәтижесімен жиі бөлісіп жүр.

Аталмыш фотоларда ол мінсіз мүсінін айқындап тұратын образдарда көрініп жүр.

Бұл жолы да өнер иесі жеке парақшасында денесіне жабысып тұратын қара түсті көйлекпен түскен суреттерін жүктеген.

Эстрада жұлдызының талдырмаш образы көптің көңілінен шығып, ерлер қауымын естен таңдырған.

Оқырман қыздар да Дұғаловаға тәнті екендерін білдіріп, оған еліктейтіндерін жасырмады.

"Өте тамаша әрі ерекше фотосессия", "Дене бітіміңіз талдырмаш екен" , "Ғашық бодым, недеген фигура" , "Сөзім жоқ, Жанар кереметсіз" , "Сізге әрбір образ жарасымды" , "Сізге ғашық болып қалдым" , "Қатты леітеймін сізге, таңғалдыруда шаршамаңыз" , - деп жазуд желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828471-zanar-dgalova-el-nazaryna-taldyrmas-msinin-pas-etti-foto/

pixel