RU
Жамбыл облысында жоғалып кеткен адамның денесі 21 жылдан кейін ауладан табылды

Жамбыл облысында жоғалып кеткен адамның денесі 21 жылдан кейін ауладан табылды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Жиырмасыншы ғасырдың соңында жоғалып кеткен Мойынқұм ауданы тұрғынының денесі ауылдасының ауласынан табылған. Күдікті қылмысын жасыру үшін мәйітті терең көміп, үстіне бастырма тұрғызып қойыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Орман шаруашылығының инспекторы болып істеген Кеңесхан Мәдіханов 49 жасында жұмысқа кетіп, қайта оралмаған.

Марқұм сол күйі табылмай, арада бес жылдан соң іс жабылыпты.

Ал өткен жылы Кеңесханның кісі қолынан қаза тапқаны жөнінде ел арасында қауесет шықты.

Күйеуіне ренжіген ауылдас әйел жолдасының кісі өліміне қатысы барын ағасына айтып қойған.

Белгілі болғандай, төрт адам бас қосқан көңілді отырыстың соңы жанжалға ұласқан. Сөзге келген сол кездегі жол полиция қызметкері Кеңесханды атып өлтіріпті. Ал қылмысын жасыру үшін мәйітті аулаға көміп, қабірдің үстіне сәкі орнатқан.

Бұл туралы Кеңесханның інісі Қасымхан Шүңірбеков айтты.

"Ештай мойындапты деп естідік. Есігінің алдына барып, үйінің бұрышына көмген жерін көрдік. Полицейлер өздері барып қазып алды. Қазір сүйегін мәйітханаға жіберді", - деді ол.

Күдіктінің 61 жастағы орман шаруашылығының қызметкері екені анықталды. Құқық қорғау қымзеткерлері тергеу жұмыстарының басталғанын мәлімдеді.

Осы іске қатысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы да пікір білдірді.

"Күдікті түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегесіп қалғаннан болған деп мәлімдеді. Ерегіс кезінде күдікті "ИЖ" маркалы 12 калибрлі қарудан оқ атып, ер адам оқиға орнында ажал құшады. Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды", - деді Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
0
3
12
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel