RU
Түрік сериалының жұлдызымен суретке түскен Қоянбаев елді қызықтырды

Түрік сериалының жұлдызымен суретке түскен Қоянбаев елді қызықтырды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев әйгілі түрік актрисасымен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Бүгінде кинопродюсер қызметіне білек сыбана кіріскен ол түрік телехикаялары арқылы көпке танылған Дениз Чакырмен кездесіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екі жұлдыздың кездесуі, шамамен, Түркия елінде орын алған көрінеді. Себебі, Нұрлан Қоянбаевтың Instagram парақшасына сүйенсек, ол қазіргі таңда сол елде жүр. Алайда, әзілкештің шетелге қандай мақсатпен аттанғаны әзірге белгісіз.

Дениз Чакырмен кездескен отандық продюсер өз оқырмандарынан танымал түрік актрисасын өз киносына шақыруына қатысты пікір сұрады. Желідегілердің барлығы дерлік, түрік жұлдызының қазақ фильміне түсуін қызық көрген.

"Достар, таныдыңыздар ма? Көп пікір жиналса, шакырайық киномызға" , - депжазды ол.

Алайда, оқырмандар арасында аталмыш актрисаның орнына өзге түрік сұлуларын ұсынғандар да болды.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев бұған дейін біраз уақыт бойы Корей елінде болған. Ол жерде отандық әзілкеш "Бизнес по-казахски" комедиясын таспалаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel