Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алмақ болған жамбылдық майордың әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жамбыл облысында майор қызметкер пара алды деп күдіктеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Жамбыл облысында Рысқұлов ауданы қорғаныс ісі бөлімінің басшысы, майор 35 мың теңге пара алған деген күдікке ілінді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, оған параны әскери билет пен әскери есепте тұрғаны туралы анықтама алу үшін берген.

"Процессуалдық ұстау күдіктінің және қорғаушының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуді сұрауына және келу міндеттемесіне байланысты қолданылмады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - делінген Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің басшысына айыппұл салынды.

Оған алаяқтық жасағаны үшін жаза кесілген: ол алдау жолымен қызметті кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражат алған.

Енді бұрынғы басшы 800 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және әскери шенінен айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828486-zambyl-oblysynda-para-almak-bolgan-majordy-reketi-videoga-tsip-kaldy/

pixel