RU
"Дуалап алсам ба": Өзі тастап кеткен сүйіктісін қайтарып алғысы келетін ару жұрттан кеңес сұрады

"Дуалап алсам ба": Өзі тастап кеткен сүйіктісін қайтарып алғысы келетін ару жұрттан кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

21 жастағы бойжеткен бір жарым жыл бұрын жігітпен жүріп, одан жалыққандықтан айырылысып кеткенін айтып, жан сырын ақтарды. Алайда ару көп ұзамай жігітті шын сүйгенін түсініп, одан бас тартқаны үшін өкініп қалған. Енді сүйгенін қайтарып алғысы келген сылқым оның басы бос емес екенін білген деп жазады KAZ.NUR.KZ Instagram-дағы astana__forum парақшасына сілтеме жасап.

"Дуалап алсам ба": Өзі тастап кеткен сүйіктісін қайтарып алғысы келетін ару жұрттан кеңес сұрады

Көрнекі фото: pxhere.com

Кейіпкер бойжеткен әңгімесін өзі тастап кеткен сүйіктісімен ара-қатынасы қалай басталғанын және неліктен одан бас тартқанынан бастады.

"Бір жарым жыл бұрын жігітпен кездесіп жүрдім. Екеуіміз бір-бірімізді қатты ұнаттық. Ол менің көңілімді табу үшін қолынан келгенннің бәрін жасайтын. Жаны романтикаға толы жігіт еді. Десе де онымен бірге өзімді жайсыз сезіне бастадым. Үнемі ішім пысып, жалығып кететінмін. Сол себепті одан бас тарттым. Айырылысып кеттік", - дейді ол.

Алайда сүйгенімен айырылысып кеткен сылқым көп ұзамай оны сүйетінін түсінген. Десе де намысы жібермей, одан кешірім сұрап, қарым-қатынасты қайта құруға тырыспаған екен.

"Дегенмен ол екеуіміз айырылысып кеткенде мен оны шын сүйетінімді түсіндім. Шынайы жақсы көремін. Бірақ сезімімді баса бердім. Себебі қызбын ғой. Оған хабарласып, оны іздеу - мен үшін мүмкін емес еді. Сол кезден бастап оның өмірінде не болып жатқанын білгім келіп, үнемі бақылап жүретінмін", - дейді кейіпкер.

Бойжеткен 25 жастағы бұрынғы сүйіктісін тек 1,5 жылдан кейін қайтаруға бел буған. Алайда бәрі кеш болған. Себебі ол басқа арумен бас қосқан. Сан соғып қалған сылқым енді жігіттің басын айналдырып алуды ойлап жүр.

"Қазіргі уақытта ешкіммен қарым-қатынас құрмадым. Бір жігіттермен танысып, кездесуге барсам да бәрін бұрынғы сүйіктіммен салыстырамын. Енді міне 1,5 жылдан кейін оған хат жазуға бел будым. Ал анықталғандай, оның қазіргі уақытта сүйіктісі бар екен. Енді не істерімді білмеймін. Кейде басын дауалап алсам ба деп жиі ойлаймын. Менің жасым 21-де, ол 25-те", - деп кеңес сұрады бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel