RU
Банктен 87 млн теңге ұрлап, Ресейде ұсталған қазақстандықтың хаты табылды

Банктен 87 млн теңге ұрлап, Ресейде ұсталған қазақстандықтың хаты табылды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов кассадан 205 мың еуро (шамамен 87 миллион теңге) ұрлап, шетелге қашып кеткен банк қызметкеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Костанайские новости-ге сілтеме жасап.

Фото: Қостанай облыстық ПД

Фото: Қостанай облыстық ПД

Басылым дерегінше, 12 қарашада 29 жастағы Мырзабай Шалбаев ақша айырбастау үшін банкке үлкен көлемдегі сома алып келген.

Бейнежазба кадрынан күдіктінің кассаға өтіп, кассир басқа жаққа қараған уақытта ақшаны сөмкесіне салып алып кеткені байқалады.

Оның қомақты қаржыны қолды қылғанын ревизор байқаған.

Келесі күні банк қызметкері "Қайрақ" бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасынан өтіп кеткені белгілі болды.

Ақша ұрланғаны туралы хабар келген соң оған бірден халықаралық іздеу жарияланған.

"Күдікті Челябинскке жеткенде пәтер жалдаған. Біз арнайы топ құрып, Челябинскке бардық, қасымызда банк қауіпсіздігі қызметінің өкілі болды. Челябинск аудандық Ішкі істер басқармасына өзім хабарластым, қызметкерлерін бізге жіберуін сұрадым. Такси жүргізушісі күдіктіні қалдырып кеткен жерден жұмысымызды бастадық.
Іздерімен жүріп, таптық. Ол өз ісін біледі, ешбір қатесіз әрекет етті, телефондарын лақтырып жіберді, пәтерден шықпай отырды. Оны компьютерлік технологиялардың көмегімен таптық", - деді Бекет Аймағамбетов.

Сондай-ақ, күдіктінің Жітіқарада жалдаған пәтерінен хат табылған.

"Мама, кешір мені, мен қарызға кірдім. Уайымдама, бәр жақсы болды. Өмірімде осындай жағдайға тап боламын деп ойламадым" деп жазылған хатта.

Еске сала кетсек, Жітіқара қаласындағы екінші деңгейдегі банк қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кетті деген күдікке ілінген.

Кейінірек ер азамат Ресейдің Челябинск қаласында қолға түсті.

Одан 136 мың еуро тәркіленді, бұл жобамен 58 миллион теңгені құрайды.

"Жауап алу барысында күдіктінің Челябинскіге бара жатқанда барлық телефондарын лақтырып жібергенін анықтадық. Ол Челябинскіде өмірін нөлден бастағысы келген. Күдікті тіпті келбетін пластикалық ота жасау арқылы өзгертуді жоспарлаған. Бірақ бақытымызға орай, біз оны уақытында ұстадық" - деді генерал-майор Бекет Аймағамбетов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel