Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақова көпшілікке алғаш рет ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Атышулы блогер Айжан Байзақова алғаш рет Instagram желісінде ұлының бет әлпетін көрсетті. Сылқымның парақшасында пайда болған сурет 180 мыңнан астам лүпіл мен 2 мыңнан астам пікір жинады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еліміздегі танымал сылқымдардың бірі алғаш рет ұлын әлеуметтік желіде көрсетті.

Үнемі баласының бе- әлпетін жасыруға тырысатын Байзақова оны дүйім жұртқа көрсетуге нақты ненің себеп болғанын ашып айтты.

Оның айтуынша, бүлдіршіннің суреті хайп жасап, өзінше танымал болғысы келетін арам пиғылды адамдардың қолына түсіпті.

Блогер олардың алдын орап, ұлының суретін алғаш болып өзі жариялады.

"Бүгін бір адамдар ұлымың туу туралы куәлігімен бірге суретін тауып алып, соны өздеріне сақтап алып, хайп жасамақ болды. Кімге жамандық істемексіз, маған ба? Оқырмандарды жинап алғыларың келді ме? Мінекей, енді сендер кімге қызық екенсіңдер? Қызық болмай қалдыңдар. Ал фотоларды өзіне алып алған адам ертең бұл ісі үшін өкінетін болады. Сендермен басқаша қалай күресеміз?", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Байзақоваға жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікір жазды.

"Қарапайым бала, көп балалардың бірі, мына суретке түскенде тоңып қалмады ма", "Тәп-тәтті балапан, дені сау болсын", "Бақытты болыңыздар", "Адамдар хайпты қуып есінен алжасатын болған", "Біреудің баласын аңдымай, өз жөндеріңмен жүріңдер", "Жаным сол", "Көз тимесін", "Тәтті балақай", "Сізден аумай қалған әдемі", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828501-ajzan-bajzakova-kpsilikke-algas-ret-lyn-krsetti-foto/

pixel