RU
Швейцария президенті Ақордаға келді (фото)

Швейцария президенті Ақордаға келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Швейцария президенті Ули Маурер ресми сапармен Нұр-Сұлтанға келді. Федералды кеңес мүшесі Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ули Маурер Тоқаев резиденциясына 11:30-да келген. Кіреберісте оны қызыл кілем мен құрметті қарауыл күтіп тұрды.

Қазақстан президенті Маурерді жеке өзі күтіп алып, амандасып, қонаққа қазақстандық министрлерді таныстырған.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Гимндер тыңдалғаннан кейін құрметті қарауылдардан бөлек кеткен Тоқаев пен Маурер келіссөздер жасасуға кірісті. Кейінірек олар бірге мәлімдеме жасайтын болады.

Айта кету керек, Швейцария президентінің дәрежесі мен біздің елдің президентінің арасында айырмашылықтар бар. Швейцарияда президент мемлекет басшысы емес, елді 7 адамнан құралған федералды кеңес басқарады.
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Президент кеңес мүшелері арасынан бір жылға сайланады. Ол елді ресми іс-шараларда таныстыру, сапарлар жасау, сондай-ақ кеңес ішіндегі талқылау кезінде соңғы шешімді қабылдау мүмкіндігіне ғана ие.

  • Қалған уақытта ол кеңес мүшелерімен бірдей.

Бұл Маурер үшін екінші президенттік мерзімі. Бұған дейін ол 2013 жылы осы лауазымға сайланған.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel