RU
Jah Khalib: Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес

Jah Khalib: Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес

Рассказать Вконтакте

Қарапайым алматылық жігіттен бір мезетте отандық шоу-бизнестің жарық әрі сұранысқа ие жұлдызына айналған Jah Khalib өзге елге қоныс аударған. Әрқашан туған қаласы Алматыға деген ыстық махаббатын білдіріп келген өнер иесі өзінің Киевке көшуінің басты себебін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "В гостях у Гордона" атты бағдарламаға сілтеме жасап.

Бахтияр Мамедовтың айтуынша, ол Қазақстанның оңтүстік астанасынан шығармашылығына байланысты өзге мемлекетке көшуге мәжбүр болған. Әнші Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес екенін жеткізді.

"Алматы жұмыс істеу үшін емес, өмір сүру үшін таптырмас керемет қала. Алматыға деген махаббатым шексіз. Алматыны Питер қаласымен жиі салыстырып отырамын. Көбісі жай ғана "мәдениеттің астанасы" болғандықтан деп жатады. Алайда, олай емес. Мәселен, Петербург тұрғындары да өз қаласын құлай сүйеді. Бізде де солай. Біздің көптеген отандастарымыз Нью-Йорк, тағы да басқа шет елдерде тұрып жатыр.
Бірақ, Алматыға қайтып келгенде, бәрібір де "Алматы - ең әсем қала" екенін мойындайды. Мен үшін де дәл солай. Бірақ, дәл қазір мен онда тұра алмаймын. Себебі, Алматыда жұмыс тәртібі жоқ. Онда жұмыс істеу мүмкін емес, тек демалуға болады. Жақында достарымды алып келгенмін. Бізде Қазақстан бойынша тур болған еді. Ол кезде Кивтегі достарым да келген еді. Олар Алматыда алғаш рет болып, қатты таңғалды. Олар тіпті менен "Неге әрбір жерде мейрамханалар?" деп сұрады" , - деді Jah Khalib.

Оған қоса, әнші Алматыға ата-анасының қасына келіп демалып тұрғанды ұнататынын айтты.

"Халық үнемі барлық жерде демалады. Ешкім ешқайда асықпайды. Мен мысал үшін Мәскеуде және тағы да басқа ірі қалаларда өмір сүріп көргеннен кейін Алматыға барғанымда "Неге барлығы тым баяу?" деп ойлайнып қаламын. Қазір мен бұл қала демалу үшін арналғанын түсіндім.
Ол жерде менің ата-анам тұрады. Олардың үйі тауда орналасқан. Әке-шешемнің шаңырағына мен терезені ашып, таудың таза ауасымен тынысып алып, демалып қайту үшін барамын. Алматы ешқайда асықтырмайтын ерекше қала. Алайда, жұмыс үшін арналмаған" , - деді Бахтияр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel