RU
Оралда мәйітханада қайтыс болған қыздың денесін басқа адамға беріп жіберген

Оралда мәйітханада қайтыс болған қыздың денесін басқа адамға беріп жіберген

Рассказать Вконтакте

Орал қаласындағы мәйітхана қызметкерлері жол апаты салдарынан қайтыс болған қыздың денесін қателесіп, басқа ауылға жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Уральская неделя-ға сілтеме жасап.

Жол апаты болған жер, фото: Уральская неделя

Жол апаты болған жер, фото: Уральская неделя

Айарудың әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, ол мәйітханаға келгенде қыздың денесін басқа ауылға алып кеткенін білген.

"Біз қызымызды жерлеуге дайындалып жатыр едік. Содан мәйітханаға бардым. Қызметкерлер құжаттарды көрсетіп, қызымның денесін алып кеткенін айтты. Сайхин елді мекеніндегі отбасы да қайғыдан қан жұтып отыр екен. Олар балаларын алып кетуге менен екі сағат бұрын келген. Оларға қателесіп, Айарудың денесін беріп жіберіпті", - деді ол.

Әкесі сол уақытта қызының денесін алып кеткен отбасы Орал қаласынан алыстап кеткенін жеткізді.

"Ол адамдар да сене алмады. Мәйітхана қызметкерлерінің жауапсыздығы ақылға сыймайды ", - деді Асылхан Қазиев.

Еске сала кетсек, 20 қараша күні қыз бала әжесімен бірге каратэ жаттығуынан қайтып келе жатқан.

Жаяу жүргінші жолында "Ауди" жүргізушісі оны қағып кетіп, ізін суытты.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада қолға түсірді.

Басылым мәліметінше, Айару қаладағы белгілі музыкант Асылхан Қазиевтің үлкен қызы және белгілі күйші, облыстық филармония әртісі Ермек Қазиевтің немересі болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel