Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен үміт арттық": 10 жасар оралдық қызды көлік қағып өлтірді (фото)

Опубликовано:

20 қараша күні Оралда белгісіз азамат 10 жастағы қызды қағып, қашып кетті. Ал Айару Ермек жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды. Қазір күдікті қолға түсіп, тергеу изоляторына тоғытылған. Ал марқұмның қара жамылған жанұясы үйдің үлкен қызынан зор үміт күткенін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": Twitter

Айарудың әкесінің сөзінше, қызы каратеден әлем чемпионы болғысы келіпті.

"Кеше каратеге әжесімен бірге барды. Жолдан өтіп бара жатқанда ол қолына жылтыр лентасын ұстап, енді оны ешкім ұрмайтынын, көліктер өздері тоқтайтынын айтыпты. Көркем гимнастикамен, бимен айналысатын. Республикалық чемпионаттарда жүлделі орындар алып жүретін. Бес жасында-ақ Санкт-Петербургте қазақ биімен бірінші орын алып келді. Ал каратеден бапкері оған үлкен үміт артып, тегін жаттықтырып жүрген",- дейді Асылхан Қазиев.
Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": Facebook

Оның айтуынша, жол апатына кінәлі азаматтың бірде-бір жақыны үйге келмеген. Ал Орал қалалық ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов сараптама нәтижесі жүргізушінің мас күйде болмағанын растады дейді. Ол қорыққандықтан, оқиға орнынан ізін суытыпты.

Айта кетейік, күні кеше Қызылордада жергілікті аялдамалардың бірінде автобус күтіп тұрған адамдарды көлік қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1828518-lken-mit-arttyk-oralda-10-zastagy-kyzdy-klik-kagyp-ltirdi-foto/

pixel