RU
Жақында ғана ғашығымен айырылысқан Шейк өзге жігітпен көзге түсті (фото)

Жақында ғана ғашығымен айырылысқан Шейк өзге жігітпен көзге түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемге танымал модель Ирина Шейк қызының әкесі Брэдли Купермен айырылысқанына қайғырып жүргенге ұқсамайды. Сәнбике әйгілі актердің орнын басатын азаматты кезіктірсе керек. Сән саласының жұлдызы түнде қонақ үйінен бейтаныс жігітпен шығып бара жатқан жерінен көзге түсіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Ирина Шейк пен белгісіз азамат 20 қараша күні түнгі уақытта қонақ үйден шығып, көлікке отырып кетті. Куәгерлердің айтуынша, олар бір-біріне аса жақын арақашықтықта жүріп келе жатқан.

Оған қоса, ер азамат көлікке отырмас бұрын танымал модельге есікті ашып беріп, өз қамқорлығын танытқан.

Айта кетерлігі, Ирина Шейк бұл жолы аса қарапайым киім үлгісін таңдаған. Сәнбике образын қара түсті көзілдірікпен толықтырды. Бұған қарап, модель сыртта оны фотографтар күтіп тұратынын білген деген ой туындайды.

Шетелдік басылымдардың бірі Иринаның қасындағы ер адамды жаңа жігіті десе, енді бірі оны көмекшісіне балаған. Алайда, анықталғандай 20 қараша күнін Ирина Шейкпен өткізген азамат танымал фотограф Роан Папье болып шықты.

Олар бұған дейін де ел алдына бірге шыққаны белгілі болды. Ирина мен Роанның арасында аса жылы қарым-қатынас орнаған. Олар сәрсенбі күні қаланы бірге аралап, жақсы өткізді. Оған қоса, жұлдыздар бір қонақ үйде тоқтаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel