RU
Кіші Флойд Мейвезер боксқа қайта оралатынын мәлімдеді

Кіші Флойд Мейвезер боксқа қайта оралатынын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Бокстан бес салмақ санатында бұрынғы әлем чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер спорттық мансабын қайта бастады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ өкілдері бокс жұлдызының 2020 жылы ринге қайта оралатынын жазған болатын.

"2020 жылы зейнеттен ораламын", – деп жазды алдағы жылдың ақпан айында 43 жасқа толатын даңқты боксшы.

Кәсіпқой бокста 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен кіші Флойд Мейвезер спорттық мансабын төрт жыл бұрын аяқтаған.

2015 жылғы 13 қыркүйекте кіші Мейвезер кәсіби рингтегі 49-шы жеңісіне қол жеткізді.

Аталған жекпе-жекте ол отандасы Андре Бертомен жұдырықтасқан болатын. Осылайша, кіші Флойд Мейвезер спорттық мансабында бірде-бір жеңіліссіз кездесу өткізіп, жеңіс саны бойынша Марчианоның рекордын қайталады.

Ал 2017 жылғы 27 тамызда ол ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізді. Екі түрлі спорт өкілдерінің кездесуін бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы асыға күткен болатын.

Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өткен айтулы бокс кешінде Мейвезер МакГрегорды оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңді..

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel